Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

АКТ қолданылатын сабақтарды жобалау

Курс педагогтерде білім беру мақсаттарына және оқушылардың қажеттіліктеріне бейімделген цифрлық құралдарды саналы және мақсатты пайдалану саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама оқудың барлық кезеңдерінде АКТ қолдана отырып, сабақтарды жобалаудың кешенді тәсіліне негізделген және білім беру процесіне цифрлық технологияларды жүйелі және тиімді интеграциялауды қамтамасыз ететін SAMR және TPACK модельдерін енгізуді қамтиды.

Курстың мақсаты

Педагогтердің білім берудегі цифрлық трансформацияның заманауи талаптарына сәйкес сабақтар жобалау үшін цифрлық технологияларды тиімді қолданудағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

білім берудегі цифрлық трансформацияның негізгі аспектілерін түсінетінін көрсетеді, сабақтарды құрылымдау үшін SAMR және TPACK модельдерін тиімді қолдана алады, қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес цифрлық технологияларды білім беру процесіне интеграциялай алады;

сабақты жобалаудың әртүрлі кезеңдерінде интерактивті цифрлық ресурстарды қолданады, білім беру процесін ұйымдастыруда және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда заманауи құралдарды пайдаланады.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Білім берудегі цифрлық трансформация негіздері

Модуль 2. Сабақтарды жобалауға арналған цифрлық құралдар

Топтар

Photo
Катаев Ердан Советович
80 ак.сағат

Онлайн

29.09-10.10

Орысша

22 000 ₸