Менеджмент және көшбасшылық

Мектеп директоры орынбасарларының кадрлық резерві: басқаруға кіріспе және әлеуетті дамыту

Курс бағдарламасы білім беру сапасын жақсарту, білім беру процесін цифрландыру мақсатында нормативтік тұрғыдан реттеу, мектепішілік бақылау арқылы мектепті басқару саласындағы мектеп директоры орынбасарларының басқарушылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Бағдарламада инклюзивті және құндылыққа бағдарланған білім беру ортасын қалыптастыруға, педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға назар аударылады.

Курстың мақсаты

Оқу процесін тиімді басқару, жайлы және қауіпсіз оқу ортасын қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру, талдау және басқару дағдыларын меңгерген мектеп директорының орынбасарларын даярлау

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

мектептің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге бағдарланады және оларды тәжірибеде тиімді қолданады;

білім беру процесінің сапасын тиімді бақылауға мүмкіндік беретін мектепішілік бақылау процесін, оның кезеңдері мен механизмдерін түсінеді;

мектепішілік бақылау жоспарын әзірлеу және мониторинг деректері негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгеру;

сабақты бақылауда, қысқа мерзімді жоспарларды талдауда және оқыту сапасын жоғарылату үшін педагогтерге сындарлы кері байланыс ұсынуда құзыретті болады.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Заманауи мектепті басқарудың нормативтік құқықтық негіздері

Модуль 2. Мектепті басқару және мектепішілік бақылау

Модуль 3. Мектептегі білім беру сапасын қамтамасыз ету

Модуль 4. Мектепте инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру

Модуль 5. Ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту

Модуль 6. Эмпатиялы көшбасшы және жайлы білім беру ортасы

Модуль 7. Мектептегі құндылыққа негізделген тәрбие және қосымша білім беру

Модуль 8. Мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер

Модуль 9. Мектепті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру