Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын және цифрлық әлемде оқу дағдыларын дамыту

Бағдарлама PISA-2025 зерттеуінің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жаратылыстану пәндері сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар әзірлеудің заманауи тәсілдемелерін зерделеуді қамтиды. Бағдарлама оқушылардың қарқынды өзгеріп жатқан цифрлық әлемге табысты бейімделуі үшін қажет негізгі құзыреттерін қалыптастырудағы педагогтердің дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Курстың мақсаты

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын және цифрлық әлемде оқу дағдыларын дамытудағы Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөліктерін, оқу мақсаттарын жүзеге асыру тәсілдерін және функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалардың сипаттамаларын айқындайды;

сабақтарды тиімді оқыту әдістерін, цифрлық ресурстарды және функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды қолдана отырып жоспарлауды үйренеді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Модуль 1. Функционалдық сауаттылық заманауи білім беру талабы ретінде

Модуль 2. Модуль 2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Топтар

Photo
Божымбаева Минура Сарсенбековна
80 ак.сағат

Онлайн

17.02-28.02

Орысша

22 000 ₸

Photo
Туякбаева Гаухар Арыстанбековна
80 ак.сағат

Онлайн

24.02-07.03

Қазақша

22 000 ₸