Мектептегі информатика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Курс педагогтердің пән бойынша білімін мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптары мен оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес іске асырудағы білік-дағдысын дамыту арқылы тереңдетуге; оқушылардың меңгеруіне қиын күрделі тақырыптарды тиімді оқыту тәсілдерін қарастыруға; мұғалімдердің сабақта пайдаланатын әдістемелік ресурстарды таңдау және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу білігін дамытуға, оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктеріне сәйкес функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлеу дағдысын жетілдіруге; информатика сабағында инклюзивті оқу ортасын құру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Курстың мақсаты
Информатика мұғалімдерінің пәндік білім, инклюзивті оқу ортасын құру, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру
Курста оқу нәтижесінде педагогтер:
Курстың мазмұны
Модуль 1. Пәндік құзыреттілікті дамыту: информатика мазмұнындағы өзекті тақырыптар
Модуль 2. Функционалдық сауаттылық және робототехника
Модуль 3. Инклюзивті білім беру негіздері, құралдары және практикалық шешімдері
Модуль 4. Бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу және сараптама жасау