Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

Тиімді оқыту және оқу

Бағдарлама жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдері балалардың қалай оқып-үйренетіні туралы білім беру саласындағы заманауи зерттеулерді зерделеу, тәжірибедегі жоспарлау, оқыту және бағалау тәсілдерін бағдарлама мазмұнында ұсынылатын тәсілдермен салыстыра отырып, оқушылардың пән бойынша және пәннен тыс білімі мен дағдыларын дамыту туралы, олардың маңыздылығын бағалайды, оқу мақсатына қол жіткізетін тапсырмаларды әзірлейді, оқудағы рефлексиялық процесті қамтамасыз етуге бағытталған.

Курстың мақсаты

Білім берудегі заманауи үрдістер мен қоғам талаптарын ескере отырып, оқушылардың тиімді оқыту мен оқу тәжірибесін қамтамасыз ету үшін педагогтердің білімін тереңдету және кәсіби құзыреттілігін дамыту

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

сабақтарды жоспарлайды, оқушылардың жас ерекшеліктері мен тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту әдістерді таңдайды;

заманауи оқыту тәсілдерін ескере отырып тізбектелген сабақтар топтамасын өткізеді және оқыту мен дамыту бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді;

өзінің оқыту және оқу тәжірибесін талдайды және жақсарту қажет тұстарын айқындайды.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Модуль 2. Сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру

Модуль 3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Модуль 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Модуль 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Модуль 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Модуль 7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Модуль 8. Сабақты жоспарлау

Модуль 9. Мектептегі практика

Модуль 10. Рефлексивті