Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар
Зерттеу қызметі

Негізгі мектепте STEAM оқыту: тиімді практика

Бағдарлама тыңдаушыларға негізгі мектепте STEAM-тәсілдеме әдістері мен технологияларын тиімді қолдану дағдыларын меңгертуге бағытталған. Курс шеңберінде оқушыларда ХХІ ғасырда өзекті болатын дағдыларды қалыптастыру үшін STEAM-оқыту туралы білімді қалыптастыру және әдістемелік дағдыларды дамыту мәселелері қарастырылады. Бағдарламаға қатысушыларға білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған кіріктірілген сабақтар мен жобаларды жоспарлау және бағалау бойынша практикалық тапсырмалар ұсынылады.

Курстың мақсаты

Негізгі мектепте «STEAM оқыту» тәсілдемелерін қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

STEAM оқыту мәнін түсінеді және негізгі мектеп білім алушыларында функционалдық сауаттылықты және XXI ғасырдың дағдыларын қалыптастыруды үйренеді;     

STEAM оқыту әдістері мен тәсілдерін меңгереді, оларды практикалық қызметте қолдануды үйренеді;   

негізгі мектепте оқу мақсаттарына сәйкес кіріктірілген STEAM сабақтары/STEAM жобаларын жоспарлауды және бағалауды үйренеді.  

Курстың мазмұны

Модуль 1. STEAM білім беру негіздері

Модуль 2. STEAM білім берудегі тәсілдемелер мен технологиялар

Модуль 3. Негізгі мектепте STEAM оқыту нәтижелерін жоспарлау және бағалау