Колледжде тиімді оқу және оқыту
Курс педагогтердің құндылықтарға негізделген тәсілдеме, инклюзивті білім беру принциптері, білім алушылардың оқу мәдениеті мен мотивациясын дамыту дағдыларын дамытуға, педагогтің рефлексиялық тәжірибесі мен көшбасшылығын дамыту үшін «Іс-әрекеттегі зерттеу» (Action Research) мен «Сабақты зерттеу» (Lesson Study) тәсілдемелерін жоспарлап енгізу дағдысын қалыптастыруға; білім сапасын арттыру мақсатында заманауи тәсілдемелер мен қуатты педагогикалық құралдарды пайдалану арқылы тиімді оқу мен оқытуды ұйымдастыру дағдысын жетілдіруге; пәннің мақсаты мен оқу нәтижелеріне сәйкес тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлап, іске асыру және өзінің педагогикалық тәжірибесіне рефлексия жасау дағдысын жетілдіруге бағытталған.
Курстың мақсаты
Білім берудегі заманауи тенденциялар негізінде тиімді және рефлексиялық оқыту тәжірибесін ұйымдастыруда колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру
Курста оқу нәтижесінде педагогтер:
Курстың мазмұны
Модуль 1. Оқытудағы басқару мен көшбасшылық. Іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research) және Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілдемелері
Модуль 2. Тиімді оқыту мен оқуды жүзеге асыру тәсілдемелері және құралдары
Модуль 3. Колледждегі практика. Оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу бойынша рефлексия