Өзім жайлы
Басшылар мен педагогтардың біліктілігін арттырудың 13 бағдарламасы бойынша сертификатталғанмын. Тренерлік қызметте 10 жыл өтіл жинақтадым. Пән бойынша бағдарлама мен семинар, вебинарлардың бағдарламасын құрастырушымын. Мектептегі мұғалімдердің зерттеушілік дағдылары мен көшбасшылық қызметін арттыруда, Сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыруда өз тарапымнан қолдау көрсетіп, кәсіби дамуына ықпал етемін. Жетекші мектеп басшылары мен мұғалімдерінің зерттеу жұмыстарын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізілген шараларда таратуына себепші болып келемін. Қалалық және аудандық әдіскерлермен кәсіби байланысымыз жоғары. Түрлі іс - шараларды ұйымдастыру жаныма жақын. Жауаптымын, жаңаға жақынмын, заман ағымынан қалыспаймын.
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
25 бағдарлама
Пәндік құзыреттілік
Мектептегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» сабақтары: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту
Колледжде қазақ тілін және қазақ әдебиетін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілін және қазақ әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі
Зерттеу қызметі
Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study
Lesson Study: зерттеу жүргізуден оқытуды жетілдіруге
Менеджмент және көшбасшылық
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы
Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы
Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау) (базалық деңгей)
Мектеп директоры орынбасарларының кадрлық резерві: басқаруға кіріспе және әлеуетті дамыту
Директордың орынбасарының басқарушылық құзыреттілігі: оқу процесін ұйымдастыру және мектеп ортасын дамыту
Тәрбие жұмысы
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруге арналған «Мамандық таңдау және жеке бағдарын айқындау»
Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар
Оқу сауаттылығы: оқылым, таным және креативтілік
Табысты білім беру ортасын қалыптастыруға арналған бағалау тәсілдері
Заманауи əдіскер: құзыретті сарапшы жəне табысты тəлімгер
Мектеп командасының кәсіби құндылығын арттырудағы икемді дағдылар (soft skills)
Тиімді коммуникация және келіссөз жүргізу өнері
Білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен практикалық қолданылуы
Жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту: мұғалімге арналған практикалық тәсілдер
Қауіпсіз білім беру ортасы: буллинг және кибербуллинг жағдайларының алдын алу, анықтау және әрекет ету алгоритмдері
Психология және инклюзивті білім беру ортасы
Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау
Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті» пəндерін оқыту мен оқудың ерекшеліктері
Білім берудегі менеджмент: мектеп қызметін басқару