Өзім жайлы
Мен сіздерді әр мұғалімнің жеке кәсіби өсуіне бағытталған білім беру кеңістігімізде көруге қуаныштымын. Жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің біліктілігін арттыру саласында жұмыс істей отырып, 10 жылдан астам уақыт бойы сіздермен оқытушылық тәжірибеңізді жетілдіруге мүмкіндік беретін педагогиканың пәрменді құралдары мен трендтерімен бөлісуге дайынмын.
Осы кезге дейін республиканың 2000-нан астам мұғалімін орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде біліктілікті арттырудың 15 білім беру бағдарламасы бойынша оқытып келдім.
WALS 2021, WALS 2023 (ZWOLLE, the Netherlands)халықаралық конференцияларында сабақтың аймақаралық зерттеулерінің нәтижелерін ұсындым.
Мен функционалдық сауаттылықты дамыту, саралау әдістерін қолдану және аймақаралық зерттеуді ұйымдастыру бойынша 6 әдістемелік құралдың авторымын.
2022-2023ж. мемлекеттік мектептер мен колледждердің оқытушыларын оқытуға арналған "Колледжде ағылшын тілін оқыту: фокустар мен жетілдіру стратегиялары" «Ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту», «Мектепте ағылшын тілі сабағы: фокустар мен жетілдіру стратегиялары» атты білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс тобында болдым.
Курст барысында мен тыңдаушылардың пәндік құзыреттіліктерін ғана емес, сонымен қатар 21 ғасырдың мұғалімі үшін қажетті дағдыларды дамытуға баса назар аударамын: аналитикалық ойлау, шығармашылық және көшбасшылық қасиеттер.
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
23 бағдарлама
Пәндік құзыреттілік
Мектептегі ағылшын тілі сабағы: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары
Ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту
Колледжде ағылшын тілін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: ағылшын тілін оқытудың тиімді тәжірибесі
Зерттеу қызметі
Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study
Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар
Жалпы білім беретін мектептердің арнайы сынып педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту: отбасы, мектеп, мансап
Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі
Оқу сауаттылығы: оқылым, таным және креативтілік
Табысты білім беру ортасын қалыптастыруға арналған бағалау тәсілдері
Жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту: мұғалімге арналған практикалық тәсілдер
Менеджмент және көшбасшылық
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы
Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау) (базалық деңгей)
Мектеп директоры орынбасарларының кадрлық резерві: басқаруға кіріспе және әлеуетті дамыту
Директордың орынбасарының басқарушылық құзыреттілігі: оқу процесін ұйымдастыру және мектеп ортасын дамыту
Тәрбие жұмысы
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруге арналған «Мамандық таңдау және жеке бағдарын айқындау»
Психология және инклюзивті білім беру ортасы
Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
«Ағылшын тілі» пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау
Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
Тиімді оқыту
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пəнін оқыту мен оқудың ерекшеліктері
Жалпы білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру бағдарламасы
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Ағылшын тілі» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша онлайн курсы