Өзім жайлы
Қайырлы күн! Мен Кенжебаев Айбек Егеубекович, Талдықорған қ. ПШО филиалының қазақ және ағылшын тілді тренерімін.
Біліктілікті арттыру саласында жұмыс жасағаныма он жыл болды.
Қазіргі уақытқа оннан аса түрлі біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша Республикамыздың екі мыңнан аса жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен басшыларын және колледж мұғалімдерін оқыттым.
Өзімнің оқыту тәжірибемнің нәтижесінде қалыптастырушы бағалауды қолдану, оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне сыныптағы оқуды тиімді басқару бойынша бірқатар әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсынымдар жаздым.
Оқыту барысында мұғалімдердің сабақ жоспарын оқушылардың қажеттіліктері және оқу мақсаттары негізінде тиімді құрылымдау, оқушылардың оқуын бақылау дағдыларын, сабақтағы проблемалық жағдайларды талдап, өнімді шешім шығаруды үйренуге мән беремін.
Сабақтың түрлі кезеңдеріне қалыптастырушы бағалау элементтерін және оқушылардың метатанымдық дағдыларын дамыту стратегияларын үздік зерттеулер негізінде енгізуге көмектесемін.
Шет тілі мұғалімдерін оқытуда грамматика және сөздікті оқытуды тілдік дағдыларды оқытуға кіріктіруге басымдық беремін. Менің оқыту тәсілдерімнің бір артықшылығы оқу мақсаттарына қол жеткізуді жеңілдететін, үлгерімі төмен оқушылардың өзіндік тиімділігі мен ынтасын арттыратын, үлкен мақсаттарды кішкентай қадамдарға бөлу стратегияларын үйрету болып табылады.
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
16 бағдарлама
Пәндік құзыреттілік
Мектептегі ағылшын тілі сабағы: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары
Ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту
Колледжде ағылшын тілін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: ағылшын тілін оқытудың тиімді тәжірибесі
Зерттеу қызметі
Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study
Менеджмент және көшбасшылық
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы
Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы
Тәрбие жұмысы
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруге арналған «Мамандық таңдау және жеке бағдарын айқындау»
Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар
Оқу сауаттылығы: оқылым, таным және креативтілік
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
«Ағылшын тілі» пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау
Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
Оқыту әдістемесі мен технологиялары
Тиімді оқыту
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пəнін оқыту мен оқудың ерекшеліктері
Жалпы білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру бағдарламасы
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Ағылшын тілі» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша онлайн курсы