Soft skills: неліктен маңызды
3365 ₸
Бүкіл кітапханаға жазылым
Бір құралға ғана емес, кітапханадағы барлық материалға қол жеткізесіз
- Тілі
- Қазақша, Орысша, Ағылшынша
- Шыққан жылы
- 2024
- Бет саны
- 130
- ISBN
- 2308-7668
- Санат
- Журналдар
Материал туралы
Журналдың бұл нөмірі «SOFT SKILLS: неліктен маңызды» тақырыбына арналып отыр. Бүгінде ғалымдар кеңінен талқылап жүрген «икемді» дағдыларды дамыту мәселесінің өзектілігі артып келеді. ХХІ ғасырдағы стратегиялық құзыреттілік ретіндегі «икемді» дағдылар кез келген қызмет түрінде қажет, сондықтан мұны білім алушының бойына мектеп кезінен қалыптастырып, жоғары оқу орындарындағы білім беру практикасында, сондай-ақ кәсіби қызметте одан әрі белсенді дамыту өте маңызды. Басқалармен тиімді және үйлесімді қарым-қатынас құрмастан, өзгерістерге тез бейімделмей, қалыптан тыс ойлана алмай, идеялар ұсынбай, болашақ туралы ойланбай, компанияның мәдениетіне әсер етпестен өз міндеттерін сапалы әрі тиімді орындайды деу бола қоймас.
Бұл шығарылымда: педагогтерге «икемді» дағдылар не үшін қажет? Өзін-өзі өзгертудің эволюциялық сын-тегеуріні қандай? Мұғалім креативтілігі: икемді дағды ма, әлде құзыреттілік пе? Білім беру мекемелеріндегі коммуникация мен өзара әрекеттесу дағдылары қалай қалыптасады? Колледждердің білім беру бағдарламалары білім алушылардың soft skills-інің дамуына қалай әсер етеді? PBL-ді қолдану негізінде жақсы нәтижелерге қалай қол жеткізуге болады сынды сұрақтарға көп көңіл бөлінді.