Кіру Тіркелу
Командалық жұмыс: жетістік бағдары
Журналдар

Командалық жұмыс: жетістік бағдары

3365 ₸

Бүкіл кітапханаға жазылым

Бір құралға ғана емес, кітапханадағы барлық материалға қол жеткізесіз

Тілі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Шыққан жылы
2025
Бет саны
136
ISBN
2308-7668
Санат
Журналдар

Материал туралы

«Біртұтас дүние оның құрамдас бөліктерінің қосындысынан артық» деген идеяны Аристотель екі мың жылдан астам уақыт бұрын тұжырымдаса да, бұл идея командалық жұмыс тұрғысынан әлі күнге дейін өзекті болып табылады. Командадағы өзара әрекеттестік және синергия оны жекелеген элементтерінің қосындысынан күштірек етіп ұйымдастыруға ықпал етеді деген тұжырым қазіргі шындыққа сәйкес келеді. Forbes деректеріне сәйкес, әріптестерімен табысты бірлесе жұмыс істеу дағдылары қазіргі кезде сұранысқа ие дағдылардың алғашқы бестігіне кіреді.
Журналдың бұл санында келесі сұрақтар аясындағы мәселелер қарастырылады: Командада жұмыс істеу неліктен маңызды? Табысты командалық жұмыс қалай ұйымдастырылады? Командалық жұмыс дағдыларын қалай жетілдіруге болады? Интроверт қалай команда ойыншысы бола алады? Әріптестерді ортақ мақсаттарға қол жеткізуге қалай ынталандыруға болады және ұйымдардағы тиімсіз командалық қызметтің себептері қандай? Қызметкерлерді нәтижеге қалай бағдарлауға болады?
Командаішілік қарым-қатынас және эмоционалдық интеллект, командалық жұмыс мәдениеті: кедергілер мен қиындықтардың психологиялық аспектілері, университет бағдарламаларын әзірлеудегі GENKEI English командалық жұмыс тәжірибесі және пәнаралық оқытудағы табысты кейстер басты назарда болады. Мұндай материалдар ұжымда тиімді өзара әрекеттестікті қалыптастыруда пайдалы болатын ұсынымдар мен практикалық тәсілдерді ұсынады.

Кітапханаға оралу