STEAM & болашақ дағдылары
3365 ₸
Бүкіл кітапханаға жазылым
Бір құралға ғана емес, кітапханадағы барлық материалға қол жеткізесіз
- Тілі
- Қазақша, Орысша, Ағылшынша
- Шыққан жылы
- 2023
- Бет саны
- 130
- ISBN
- 2308-7668
- Санат
- Журналдар
Материал туралы
Оқырман назарына ұсынылып отырған «Педагогикалық диалог» журналының бұл нөмірі оқушылардың шығармашылық, креативті және ғылыми ойлауын дамытуға ықпал ететін STEM/STEAM-білім беру мәселелеріне арналған. Берілген мақалаларда дәстүрлі білімге тән практикалық міндеттерді шешудегі алшақтықты жеңуге және оқушыларға оқу пәндері арасында түсінікті байланыстар құруға бағытталған STEAM-білім берудің негізгі идеялары көрсетіледі.
Мәселені зерттеуді авторлар STEAM тұжырымдамасы аясында жүзеге асырды: жаратылыстану ғылымдары + математикалық элементтерге негізделген және өнер мен инженерлік тәжірибелер арқылы түсіндірілетін технологияларды қамтиды.
Бұл пәнаралық тәсілді мектепте қалай қолданып, нақты жобаларда қалай іске асыруға болады? Отандық және Аустралия, Әзірбайжан, Швеция, АҚШ, БАӘ, Вьетнам ғалымдары мен сарапшылары өз идеяларымен бөлісті. Бұл ретте мынадай мәселелерге көп көңіл бөлінеді: STEAM-нің күші неде? Оқыту тәжірибесін сәтті ететін не? STEM оқушыларға қандай мүмкіндіктер ұсынады? Оқушыларды өнер және дизайн арқылы қалай оқытуға болады? STEAM-педагогтерінің құзыреттілігін дамытудың шарттары қандай? деген сұрақтарға жауап береді.