Онлайн сабақ: жоспарлаудан табысты жүзеге асыруға дейін
Бағдарлама туралы
Курс бағдарламасы білім берудегі цифрлық трансформация жағдайында оқушылармен тиімді өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін заманауи білім беру технологиялары қолданылатын онлайн сабақтарды жобалау, ұйымдастыру және өткізудегі Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты
Білім берудегі цифрлық трансформация жағдайында оқушылармен тиімді өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін заманауи білім беру технологиялары қолданылатын онлайн сабақтарды жобалау, ұйымдастыру және өткізу бойынша педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту
Мақсатты аудитория
Колледж оқытушысы, Ағылшын тілі, Биология, География, Информатика, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Орыс тілді сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті (Т2), Қазақ тілді сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті (Т1), Математика, Бастауыш сынып, Құқық негіздері, Қазақ сыныптарындағы орыс тілі және әдебиеті (Я2), Орыс сыныптарындағы орыс тілі (Я1), Ұйғыр тілі, Физика
Бағдарлама мазмұны
Модуль 1 Цифрлық трансформация жағдайында білім беру
Модуль 2 Тиімді онлайн оқытуға арналған цифрлық технологиялар
Оқу нәтижелері
- онлайн оқыту саласына қатысты теориялық білімді меңгереді, білім беру ортасындағы цифрлық этика және ақпараттық қауіпсіздік принциптерін қолданады;
- заманауи қашықтан оқыту платформаларын, педагогикалық дизайн принциптерін және оқушыларды білім алу процесіне белсенді тарту стратегияларын қамтитын онлайн сабақтарды жобалау, мониторинг жүргізу және жүзеге асыру үшін қажет цифрлық құралдар мен білім беру ресурстарын қолданады.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Альмагамбетов Каиржан
ПШО тренері