Курс өте пайдалы, мазмұнды болды. Тренердің түсіндіруі, кері байланысы уақтылы әрі түсінікті болды. Алған білімімді сабақта қолданамын. Рақмет!
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді тәжірибесі
Бағдарлама туралы
Курс мазмұны педагогтердің сөйлеу әрекетінің түрлерін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша практикалық тапсырмалар әзірлеуге, пән мазмұнына рухани-адамгершілік және ұлттық құндылықтарды кіріктіре отырып сабақ жоспарлау тәжірибесін жетілдіруге және дамытуға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерінің пәндік білім және білім алушылардың фукционалдық сауаттылығы мен цифрлық әлемде оқу дағдысын дамыту саласында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру
Мақсатты аудитория
Колледж оқытушысы, Орыс тілді сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)
Бағдарлама мазмұны
Модуль 1 Қазіргі білім беру мақсаты және құндылыққа негізделген білім
Модуль 2 Тілдік дағдыларды дамыту
Оқу нәтижелері
- құндылыққа бағдарланған оқу ортасын құру және цифрлық әлемде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту дағдыларын көрсетеді;
- тілдік дағдыларды дамытудың әдіс-тәсілдерін қолданып, оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар әзірлейді және қазақ тілі мен әдебиеті сабағын жоспарлайды.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Копбергенова Санбиби
ПШО тренері
Уразбаева Акмарал
ПШО тренері
Тажигалиева Алтыншаш
ПШО тренері
Казиева Багда
ПШО тренері
Туреханова Гульшат
ПШО тренері
Бағдарлама рейтингі
Тәжірибесі мен білімі тоғысқан, өз ісінің нағыз майталман сарапшысы! Курс барысында берілген бағалы кеңестер мен кері байланыс өте құнды болды!
Курс өте жүйелі өтіп жатыр. Салтанат Аскаровнаға алғысым шексіз! Білімді де білікті маман💐
Өте ұнады