Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

Тиімді оқыту және оқу

88 академиялық сағат
Онлайн формат
1 топ
18 педагог оқуды аяқтады
5,0 рейтинг

Бағдарлама туралы

Курс бағдарламасы білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи, белсенді әрі дамытушы оқытуды жобалау және іске асыру, сыни ойлау стратегияларын, бағалауды, цифрлық технологияларды және педагогикалық көшбасшылықты қолдану саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты

Қазіргі заманғы білім беру үрдістері мен қоғамның сұраныстарына сәйкес оқушыларды тиімді оқыту мен оқуды қамтамасыз ету үшін педагогтердің педагогикалық білімін өзектендіру және кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Мақсатты аудитория

Мектеп мұғалімі, Колледж оқытушысы

Бағдарлама мазмұны

Модуль 1 Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Модуль көлемі: 8 академиялық сағат
Модуль 2 Сыни ойлауға дағдыландыру
Модуль көлемі: 8 академиялық сағат
Модуль 3 Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Модуль көлемі: 8 академиялық сағат
Модуль 4 Оқыту мен оқуда цифрлық технологияларды қолдану
Модуль көлемі: 8 академиялық сағат
Модуль 5 Барлық оқушылардың білім беру қажеттіліктерін ескере отырып оқыту
Модуль көлемі: 8 академиялық сағат
Модуль 6 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Модуль көлемі: 8 академиялық сағат
Модуль 7 Оқытуды басқару және көшбасшылық
Модуль көлемі: 8 академиялық сағат
Модуль 8 Табысты сабақты жоспарлау
Модуль көлемі: 32 академиялық сағат

Оқу нәтижелері

  • дамытушы және белсенді оқуды ұйымдастыруда заманауи оқыту тәсілдерін қолдана алады;
  • оқушылардың сыни ойлауын дамытуға ықпал ететін тәсілдер мен стратегияларды қолданады;
  • бағалауды оқушылардың оқу жетістіктерін қолдау, мониторинг жүргізу және жетілдіру құралы ретінде қолдана алады;
  • оқытуды және кәсіби өзара әрекеттестікті ұйымдастыру үшін цифрлық технологияларды қолданады;
  • әрбір оқушының білім беру қажеттіліктеріне, мүмкіндіктеріне және ерекшеліктеріне негізделген оқуды ұйымдастырады;
  • оқыту мазмұны мен әдістерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдей алады;
  • оқу процесін және кәсіби өзара әрекеттестікті басқаруда көшбасшылық қасиеттер танытады;
  • оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізделген және жүйелі сабақ жоспарларын әзірлейді.

Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз

23
қараша
2026
Онлайн 88 академиялық сағат Өскемен
8 / 30 орын толды 22 орын қалды
17 000 ₸
Жазылу

Бағдарлама рейтингі

5,0
1 педагог бағалады
5
100%
4
0%
3
0%
2
0%
1
0%
100% төрт немесе бес жұлдыз қойды
18 педагог бағдарламадан өтіп үлгерді
1 филиалда қабылдау жүріп жатыр

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүйеге кіре алмадым
Қалаңыздағы біздің филиалымызға хабарласыңыз: https://beyim.edu.kz/call-center
Құпиясөзді ұмытып тұрмын
Егер сіз құпиясөзді ұмытып қалсаңыз және кіре алмасаңыз, құпиясөзді қалпына келтіру қызметін пайдаланыңыз. Кіру бетінде «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» және нұсқауларды орындаңыз.
Төлемді қалай жасаймын?
Таңдаған курс сілтемесі арқылы өтіп, Мен оферта келісімінде белгіленген шарттарды қабылдаймын міндетті өрісін белгілеңіз. Келесі қадам Kaspi QR немесе кез келген банк картасы арқылы төлем жасай аласыз.
Бюджеттік курстардың кестесі туралы мәліметті қайдан білуге болады?
Бюджеттік курстардың кестесін жергілікті Білім басқармасынан біле аласыз.
Ақылы курстардың жоспарын қалай білуге болады?
Мына жерден көре аласыз.
Сіздердің курстарыңыз аттестация барысында ескеріле ме?
Иә, барлық білім беру бағдарламасы Сараптамалық кеңесте келісіліп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тізіліміне енгізілген. https://beyim.edu.kz/catalog/courses