Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар
Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық пәндерді оқытудағы оқу сауаттылығы
80
академиялық сағат
Онлайн
формат
1
топ
14
педагог оқуды аяқтады
—
рейтинг
Бағдарлама туралы
Курс бағдарламасы күнделікті оқыту тәжірибесін жетілдіруге бағдарланған және білім алушыларды ұлттық немесе халықаралық зерттеулерге дайындаумен шектелмейді. Зерттеу материалдары оқылым процестерін түсіну және пән бойынша нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған оқу қызметін жобалау үшін қолданылады. Курс бағдарламасы білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту арқылы оқыту тәжірибесін жетілдіруге бағ…
Бағдарламаның мақсаты
Мәтіндермен және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмысты оқу пәндерін оқытуға кіріктіру арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру.
Мақсатты аудитория
Мектеп мұғалімі, Колледж оқытушысы
Бағдарлама мазмұны
Модуль 1 Оқу сауаттылығының отандық және халықаралық салыстырмалы зерттеулерде қарастырылуы (ББЖМ, PISA, PIRLS, TIMSS, PIAAC)
Модуль көлемі: 16 академиялық сағат
Модуль 2 Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық пәндер аясында мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту
Модуль көлемі: 56 академиялық сағат
Модуль 3 Оқу сауаттылығы бойынша тапсырмаларды жобалау, бағалау және сараптау
Модуль көлемі: 8 академиялық сағат
Оқу нәтижелері
- оқытудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қажет оқылым іс-әрекеттерін анықтау және оларды оқу қызметіне кіріктіру;
- білім алушылардың тұтас, тұтас емес, аралас және құрама мәтіндермен, сондай-ақ кестелерде, сызбаларда, диаграммаларда, карталарда, инфографикада және цифрлық дереккөздерде ұсынылған ақпаратпен жұмысын ұйымдастыру;
- ақпаратты іздеуге, түсінуге, интерпретациялауға, салыстыруға, сыни бағалауға және дәлелді пайдалануға арналған тапсырмаларды жобалау;
- білім алушылардың дайындық деңгейі мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып мәтіндерді, тапсырмаларды және қолдау тәсілдерін саралау;
- оқылым дағдыларын бағалау критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу, тапсырмаларға сараптама жүргізу және кері байланыс негізінде оларды жетілдіру.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
30
қараша
2026
Балапанова Жаныл
ПШО тренері
Онлайн
80 академиялық сағат
Атырау
0 / 30 орын толды
30 орын қалды
17 000 ₸
Жиі қойылатын сұрақтар
Жүйеге кіре алмадым
Қалаңыздағы біздің филиалымызға хабарласыңыз: https://beyim.edu.kz/call-center
Құпиясөзді ұмытып тұрмын
Егер сіз құпиясөзді ұмытып қалсаңыз және кіре алмасаңыз, құпиясөзді қалпына келтіру қызметін пайдаланыңыз. Кіру бетінде «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» және нұсқауларды орындаңыз.
Төлемді қалай жасаймын?
Таңдаған курс сілтемесі арқылы өтіп, Мен оферта келісімінде белгіленген шарттарды қабылдаймын міндетті өрісін белгілеңіз. Келесі қадам Kaspi QR немесе кез келген банк картасы арқылы төлем жасай аласыз.
Бюджеттік курстардың кестесі туралы мәліметті қайдан білуге болады?
Бюджеттік курстардың кестесін жергілікті Білім басқармасынан біле аласыз.
Ақылы курстардың жоспарын қалай білуге болады?
Мына жерден көре аласыз.
Сіздердің курстарыңыз аттестация барысында ескеріле ме?
Иә, барлық білім беру бағдарламасы Сараптамалық кеңесте келісіліп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тізіліміне енгізілген. https://beyim.edu.kz/catalog/courses