Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Пәндік құзыреттілік

Педагогтің пәндік құзыреттілігін дамыту: дене шынықтыруды оқытудың тиімді тәжірибесі

80 академиялық сағат
Онлайн формат
1 топ
236 педагог оқуды аяқтады
5,0 рейтинг

Бағдарлама туралы

Бағдарлама дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамытуға, нормативтік тұрғыдан негізделген жоспарлау, объективті бағалау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару, саралап оқыту және инклюзивті тәжірибелерді қолдану дағдыларын, сондай-ақ оқушылардың денсаулығы, хал-ахуалы және табысты оқуы үшін маңызды ресурс ретінде балалардың дене белсенділігіне тұрақты ынтасын қал…

Бағдарламаның мақсаты

«Дене шынықтыру» пәні педагогтерінің оқу процесін жобалау, қауіпсіз және қолжетімді қимыл-қозғалыс әрекеттерін ұйымдастыру, оқу үшін бағалау, білім беру жүйесінің заманауи тәсілдері мен талаптарын ескере отырып саралап оқыту мен инклюзивті бейімдеудегі кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Мақсатты аудитория

Дене шынықтыру

Бағдарлама мазмұны

Модуль 1 «Дене шынықтыру» пәні бойынша нормативтік-әдістемелік база: нәтижелерге, мазмұнға және бағалауға қатысты талаптар: нәтижелерге, мазмұнға және бағалауға қойылатын талаптар
Модуль көлемі: 16 академиялық сағат
Модуль 2 Бастауыш білім беру деңгейінде «Дене шынықтыру» пәнін оқыту (1–4-сыныптар)
Модуль көлемі: 16 академиялық сағат
Модуль 3 Негізгі орта білім беру деңгейінде «Дене шынықтыру» пәнін оқыту (5-9-сыныптар)
Модуль көлемі: 24 академиялық сағат
Модуль 4 Жалпы орта білім беру деңгейінде «Дене шынықтыру» пәнін оқыту (10–11-сыныптар)
Модуль көлемі: 24 академиялық сағат

Оқу нәтижелері

  • дене шынықтыру сабақтарының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлейді;
  • білім алушылардың жас ерекшеліктері мен медициналық көрсеткіштерін ескере отырып, дене жүктемесін мөлшерлейді және дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
  • білім алушылардың психологиялық, қимыл-қозғалыс және мотивациялық ерекшеліктерін ескере отырып, 1–11-сыныптарға арналған дене шынықтыру сабақтарын жобалайды, психологиялық қауіпсіздік пен білім алушылардың белсенді қатысуына жағдай жасайды;
  • дайындық деңгейі әртүрлі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың сабаққа толыққанды қатысуын қамтамасыз ету үшін сараланған тапсырмалар мен инклюзивті бейімдеулерді әзірлейді.

Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз

30
қараша
2026
Талипов Нуржан Талипов Нуржан ПШО тренері
Онлайн 80 академиялық сағат Астана
0 / 40 орын толды 40 орын қалды
17 000 ₸
Жазылу

Бағдарлама рейтингі

5,0
28 педагог бағалады
5
100%
4
0%
3
0%
2
0%
1
0%
100% төрт немесе бес жұлдыз қойды
236 педагог бағдарламадан өтіп үлгерді
1 филиалда қабылдау жүріп жатыр
П
Рүстем
2026
16 қараша 2026

Керемет

П
Сандибек
2026
9 қараша 2026

Курс жақсы өз денгейінде өтті.

П
Курмангазы
2026
6 қараша 2026

Курс бағдарламасы мазмұнды әрі пайдалы болды. Ұсынылған тақырыптар өзекті, оқу материалдары түсінікті және практикалық тапсырмалар педагогикалық қызметте қолдануға бағытталған.

П
Мерген
2026
6 қараша 2026

Құрметті бапкер сізге рахмет . Біліктілікті арттыру курсы өте жақсы өтті !

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүйеге кіре алмадым
Қалаңыздағы біздің филиалымызға хабарласыңыз: https://beyim.edu.kz/call-center
Құпиясөзді ұмытып тұрмын
Егер сіз құпиясөзді ұмытып қалсаңыз және кіре алмасаңыз, құпиясөзді қалпына келтіру қызметін пайдаланыңыз. Кіру бетінде «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» және нұсқауларды орындаңыз.
Төлемді қалай жасаймын?
Таңдаған курс сілтемесі арқылы өтіп, Мен оферта келісімінде белгіленген шарттарды қабылдаймын міндетті өрісін белгілеңіз. Келесі қадам Kaspi QR немесе кез келген банк картасы арқылы төлем жасай аласыз.
Бюджеттік курстардың кестесі туралы мәліметті қайдан білуге болады?
Бюджеттік курстардың кестесін жергілікті Білім басқармасынан біле аласыз.
Ақылы курстардың жоспарын қалай білуге болады?
Мына жерден көре аласыз.
Сіздердің курстарыңыз аттестация барысында ескеріле ме?
Иә, барлық білім беру бағдарламасы Сараптамалық кеңесте келісіліп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тізіліміне енгізілген. https://beyim.edu.kz/catalog/courses