Оқу сауаттылығы: түрлі типтегі мәтіндермен жұмыс
Іс-шара туралы
Қазіргі білім беру жүйесінде оқу сауаттылығы – оқушының тек мәтінді оқып қана қоймай, оның мазмұнын түсінуі, талдауы, интерпретация жасауы және өмірлік жағдаяттарда қолдана білу қабілеті ретінде қарастырылады. Сондықтан түрлі типтегі мәтіндермен (көркем, ғылыми, публицистикалық, ақпараттық, диаграмма, кесте, инфографика т.б.) жұмыс жасау дағдыларын дамыту – білім сапасын арттырудың негізгі тетік…
Іс-шараның мақсаты
Аталған семинардың мақсаты – педагогтердің оқу сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен танысуы, түрлі форматтағы мәтіндерді талдау стратегияларын меңгеруі және тәжірибеде қолдану жолдарын қарастыру.
Бұл іс-шара кімдерге арналған
Ағылшын тілі, Биология, Мектепке дейiнгi бiлiм беру, География және басқалар
Өтетін орны
Офлайн, Орал
Қорытынды құжат
8 ак. сағатты растайтын ПШО сертификаты. Түпнұсқалығы сайттағы код арқылы тексеріледі.
Нәтижесінде не аласыз
- Педагогтер оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи әдістерді сабақ үдерісіне тиімді кіріктіре алады және оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау құзыреттілігін жүйелі түрде қалыптастырады.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Абакиева Лилия
ПШО тренері