Сабақты зерттеу (Lesson Study) мектеп тәжірибесінде
Іс-шара туралы
Семинар барысында қатысушылар: Lesson Study тәсілінің мәнін, қағидаттарын және халықаралық педагогикалық тәжірибедегі рөлін түсінеді; Lesson Study мен дәстүрлі сабақты талдау арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады; зерттеу сабағының кезеңдерін (жоспарлау – өткізу – бақылау – талдау – қайта жоспарлау) меңгереді; оқушының оқу үдерісін зерттеуге бағытталған бақылау мен дерек жинау әдістерін қолда…
Іс-шараның мақсаты
Lesson Study тәсілінің теориялық негіздері мен практикалық жүзеге асыру тетіктерін меңгертудегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, бірлескен зерттеу арқылы оқыту сапасын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған мектепішілік тәжірибені қалыптастыру
Бұл іс-шара кімдерге арналған
Ағылшын тілі, Биология, Мектепке дейiнгi бiлiм беру, География және басқалар
Өтетін орны
Офлайн, Ақтау
Қорытынды құжат
8 ак. сағатты растайтын ПШО сертификаты. Түпнұсқалығы сайттағы код арқылы тексеріледі.
Нәтижесінде не аласыз
- Семинар соңында қатысушылар:
- Lesson Study тәсілінің құрылымын, мақсаттары мен кезеңдерін нақты түсінеді;
- зерттеу сабағын жоспарлай алады және фокус-оқушыларды таңдаудың педагогикалық негіздемесін жасай алады;
- сабақ барысында оқушы әрекетін бақылау және деректерді жинау әдістерін қолданады;
- бірлескен талдау жүргізіп, оқытуды жетілдіруге бағытталған дәлелді қорытынды жасай алады;
- Lesson Study-ді мектептің әдістемелік жұмыс жүйесіне енгізуге дайын болады;
- кәсіби оқыту қауымдастығында тиімді жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Копбергенова Санбиби, Жумакулов Оркен, Боранбаева Катира
ПШО тренері