Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Семинар

Әр бала — маңызды: инклюзивті білім берудің заманауи парадигмасы

8 академиялық сағат
Офлайн формат
1 топ
57 педагог оқуды аяқтады

Іс-шара туралы

1 трек. «Инклюзия — саясат емес, мектеп мәдениеті» Бұл трек инклюзивті білім беру саласында көпжылдық тәжірибесі бар сарапшы мамандардың, басқару жүйесіндегі әдіскерлер мен кабинет меңгерушілерінің педагогтармен кәсіби тәжірибе алмасуына арналған. Қатысушылар инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың тиімді модельдерін енгі…

Іс-шараның мақсаты

Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, басқарушылық тәжірибелермен алмасу және барлық деңгейдегі педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы әр бала үшін қолжетімді білім беру ортасын дамыту.

Бұл іс-шара кімдерге арналған

Ағылшын тілі, Биология, Мектепке дейiнгi бiлiм беру, География және басқалар

Өтетін орны

Офлайн, Ақтөбе

Қорытынды құжат

8 ак. сағатты растайтын ПШО сертификаты. Түпнұсқалығы сайттағы код арқылы тексеріледі.

Нәтижесінде не аласыз

  • Қатысушылар инклюзивті мәдениетті қалыптастыру және дамыту бойынша өзекті білім мен практикалық тәжірибе алады;
  • Білім беру ұйымдарында қолжетімді білім беру ортасын дамытуға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленеді;
  • Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мен басқарудың тиімді тәжірибелері айқындалып, таратылады;
  • Аймақаралық кәсіби байланыстар нығайып, тұрақты ынтымақтастық орнайды;
  • Әрбір баланың сапалы және тең білім алуына жағдай жасауға бағытталған бастамалар қолдау табады.

Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз

27
қараша
2026
Курмангалиева Мейрамгуль Курмангалиева Мейрамгуль ПШО тренері
Офлайн 8 академиялық сағат Ақтөбе Қазақша
0 / 30 орын толды 30 орын қалды
13 000 ₸
Жазылу