Lesson Study: Сабақты бірлесіп жоспарлау, бақылау және талдау
Іс-шара туралы
Lesson Study — педагогтер бірлесіп сабақ жоспарлайтын, оқушылардың оқу әрекетін бақылайтын, жиналған деректерді талдайтын және дәлелдер негізінде оқыту үдерісін жетілдіретін бірлескен кәсіби зерттеу нысаны. Бұл тәсіл сабақты жалпы әсерлер деңгейінде талқылаудан оқушылардың нақты әрекеттерін, жауаптарын, оқу стратегияларын және кездесетін қиындықтарын талдауға көшуге мүмкіндік береді. Lesson Study…
Іс-шараның мақсаты
Зерттеу сабағын бірлесіп жоспарлау, оқушылардың оқу әрекетін бақылау, нақты фактілерді тіркеу, деректерді талдау және сабақты жетілдіру мақсатында рефлексия жүргізу бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
Бұл іс-шара кімдерге арналған
Ағылшын тілі, Биология, Мектепке дейiнгi бiлiм беру, География және басқалар
Өтетін орны
Онлайн
Қорытынды құжат
8 ак. сағатты растайтын ПШО сертификаты. Түпнұсқалығы сайттағы код арқылы тексеріледі.
Нәтижесінде не аласыз
- Қатысушылар:
- 1. Оқушылардың ықтимал жауаптары мен кездесуі мүмкін қиындықтарын болжай отырып, сабақ жоспарын бірлесіп әзірлейді.
- 2. Бақылау жоспарын құрастырып, бақылаушылардың рөлдерін бөледі.
- 3. Бақылау арқылы анықталған фактілерді түсіндірулер мен бағалау пікірлерінен ажыратады.
- 4. Оқушылардың оқу әрекеттері, жауаптары, оқу стратегиялары мен қиындықтары туралы деректерді тіркейді.
- 5. Жиналған деректерді зерттеу фокусымен байланыстыра отырып талдайды.
- 6. Сабақты жетілдіруге бағытталған дәлелді өзгерістер ұсынып, келесі циклдің жоспарын әзірлейді.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Сапарова Анаргуль
ПШО тренері