Инклюзивті білім беру: тең мүмкіндік пен сапалы білімнің жаһандық парадигмасы
Іс-шара туралы
Конференция инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи тәсілдеріне және барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге арналған. Іс-шара барысында қатысушылар инклюзия саласындағы халықаралық тәжірибе мен өзекті үрдістерді, білім беру саясаты мен басқару мәселелерін, заманауи педагогикалық және цифрлық шешімдерді, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға пси…
Іс-шараның мақсаты
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесін талқылау арқылы тең мүмкіндік қағидатына негізделген сапалы білім беру жүйесін дамыту, саясат пен практиканы үйлестіру және тұрақты инклюзивті орта қалыптастыру жолдарын айқындау.
Бұл іс-шара кімдерге арналған
Ағылшын тілі, Биология, Мектепке дейiнгi бiлiм беру, География және басқалар
Өтетін орны
Онлайн
Қорытынды құжат
8 ак. сағатты растайтын ПШО сертификаты. Түпнұсқалығы сайттағы код арқылы тексеріледі.
Нәтижесінде не аласыз
- Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи халықаралық тәсілдері мен үрдістері туралы түсініктерін кеңейтеді, сондай-ақ білім алушылар үшін тең мүмкіндіктерді қалыптастырудың тиімді тәжірибелерімен танысады.
- Қатысушылар заманауи педагогикалық және цифрлық шешімдерді қолдану, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру бойынша практикалық бағыт-бағдар алады.
- Педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшылары арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттілікті дамытуға, сондай-ақ білім беру ұйымдары деңгейінде инклюзивті саясат пен практиканы жетілдіру перспективаларын айқындауға ерекше назар аударылады.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Мухамедьярова Майраш, Шаймаханов Жасулан
ПШО тренері