Сабақты тиімді жоспарлау

Семинар бағдарламасы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыруға арналған «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік кешенінің басымдықтары мен білім мазмұнын жаңарту негізінде әзірленген.

Осы бағдарлама «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламаларының негізгі идеяларымен, мақсаттары мен міндеттерімен, инновациялық әдістері мен тәсілдерімен, сондай-ақ жаңартылған бағдарламалар бойынша сабақ жоспарлаудың ерекшеліктерімен таныстырады.

Бағдарламаның өзектілігі 2021–2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сай айқындалады.

Вебинарлар сериясының басым бағыттары – педагогтердің сабақтарды жоспарлау мен бақылау дағдыларын дамыту, сондай-ақ білім мазмұнын жаңарту аясында тиімді оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін қолдануға үйрету.

Іс-шара мақсаты

Семинардың мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін арттыру аясында тиімді жоспарлау дағдыларын дамыту.

Педагогтерді оқыту нәтижелері

Семинар тыңдаушылары:
• тиімді сабақ жоспарын құруды үйренеді;
• сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін Блум таксономиясына сәйкес тұжырымдауды меңгереді;
• тиімді оқыту мен үйретудің жаңа тәсілдерін игереді;
• оқушыларды мақсат қою үдерісіне тарту әдістерін қолдануды үйренеді;
• оқудағы кедергілерді болжауды және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, саралау тәсілдерін қолдануды меңгереді;
• оқушылардың оқу жетістіктерін қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар құрастыруды үйренеді;
• оқушылардың оқу жетістіктерін қалыптастырушы бағалау шеңберінде орындалған тапсырмалардың нәтижелерін талдауды үйренеді.

Топтар