Құрметті Бейсебаева Ұлжамал Жақсылыққызы! Курс барысында көрсеткен кәсіби шеберлігіңіз, білім мен тәжірибеңізді бөлісіп, әр тақырыпты түсінікті әрі мазмұнды жеткізгеніңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін! Сізден алған біліміміз бен пайдалы кеңестеріміз алдағы педагогикалық қызметімізде үлкен көмегін тигізеді деп сенемін. Әр сабағыңыздан жаңа идея, тың серпін, құнды тәжірибе алдық. Еңбегіңізге табыс, шығармашылық шабыт, зор денсаулық және шәкірттеріңіз бен әріптестеріңіздің алғысына бөлене беруіңізге тілектеспін! Білім жолындағы еңбегіңіз жана берсін! 🌷
Бастауыш мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі
Бағдарлама туралы
Курс мазмұнында инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық негіздері және нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуі, инклюзивті ортадағы педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша тақырыптар жүйеленген. Курста мұғалімнің оқу процесінде сараланған тапсырмаларды әзірлеу, оқу бағдарламаларын бейімдеу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қажетті қолдауды ұйымдастыру сияқты әдіснамалық тәсілдерді…
Бағдарламаның мақсаты
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті білім беруді іске асыруда кәсіби құзыреттілігін жетілдіру
Мақсатты аудитория
Бастауыш сынып
Бағдарлама мазмұны
Модуль 1 Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық және нормативтік базасы
Модуль 2 Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық қолдау
Модуль 3 Инклюзивті білім берудегі жеке тәсілдеме
Оқу нәтижелері
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктерін және оларға педагогикалық қолдау жасауда қолданылатын оқытудың тиімді стратегияларын талдайды;
- оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытудың әмбебап дизайны принципі негізінде тапсырмалар әзірлейді;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке оқу жоспарын және қысқартылған (бейімделген) /жеке оқу бағдарламасын әзірлейді.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Қабылдау әзірге жабық
Бұл бағдарламаның жаңа ағындары кейінірек ашылады. Ұқсас бағдарламаларды каталогтан көріңіз.
Бағдарламалар каталогына өтуБағдарлама рейтингі
Лилия Елемесовна, үлкен рақмет! Ұсынылған тақырыптар өзекті әрі түсінікті.
Керемет
Курс өте пайдалы әрі мазмұнды болды. Инклюзивті білім беру бойынша білімімді толықтырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін үйрендім. Алған білімімді тәжірибеде қолданамын. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін!