Ақысына тұрмайды
Табысты білім беру ортасын қалыптастыруға арналған бағалау тәсілдері
Бағдарлама туралы
Бағдарлама білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау процесін зерделеуге, оны іске асырудың өзіне тән ерекшеліктерін анықтауға және академиялық адалдық мәдениетін нығайтуға бағытталған. Оқыту барысында қатысушылар қолдаушы және дамытушы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ететін қағидаттармен және тәжірибелермен танысады.
Бағдарламаның мақсаты
Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық жағдайларды құрастыру мен жүзеге асыруда педагог рөлін түсіну мен білімін жетілдіру
Мақсатты аудитория
Мектеп мұғалімі, Колледж оқытушысы, Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы
Бағдарлама мазмұны
Модуль 1 Бағалау процесінің бірегейлігінің философиясы
Модуль 2 Оқушылардың оқу жетістіктерінде критериалды бағалауды қолданудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
Модуль 3 Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды әзірлеу дағдыларын дамыту
Оқу нәтижелері
- білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде академиялық адалдық ережелерін сақтайды;
- бөлім/жалпы тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлейді;
- қалыптастырушы бағалауға арналған тест тапсырмаларын әзірлейді;
- кері байланысты жүзеге асырады.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Қабылдау әзірге жабық
Бұл бағдарламаның жаңа ағындары кейінірек ашылады. Ұқсас бағдарламаларды каталогтан көріңіз.
Бағдарламалар каталогына өтуБағдарлама рейтингі
Форум өте керемеет өтті,әріптестердің жұмыстары ұнады
Спасибо большое за обучение
Обучение было на высоком уровне! Спасибо большое нашему тренеру Юлие Геннадьевне!