Кіру Тіркелу
Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар

Оқу сауаттылығы: оқылым, таным және креативтілік

80 академиялық сағат
7 912 педагог оқуды аяқтады
5,0 рейтинг

Бағдарлама туралы

Бағдарлама Тыңдаушылардың оқу сауаттылығын дамытуға ықпал ететін тәсілдерді игеру саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Оқыту барысында Тыңдаушылар оқу сауаттылығы мен жазуды үйретудің заманауи әдістерін меңгереді, оқу тапсырмаларымен жұмыс істеу кезінде тәсілдемелерді тиімді қолдануды үйренеді, сонымен қатар оқушылардың ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және оны кең ауқымды мә…

Бағдарламаның мақсаты

Бастауыш және негізгі орта мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру

Мақсатты аудитория

Мектеп мұғалімі, Колледж оқытушысы, Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы

Бағдарлама мазмұны

Модуль 1 Функционалды оқу сауаттылығы
Модуль көлемі: 24 академиялық сағат
Модуль 2 Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту тәсілдері
Модуль көлемі: 56 академиялық сағат

Оқу нәтижелері

  • функционалдық оқу және оқу сауаттылық деңгейлерінің ерекше белгілерін, мәтін түрлерін, оқу мақсаттары мен оқу іс-әрекетінің кезеңдерін біледі;
  • оқушыларды оқу іс-әрекетіне тарту және оқу дағдыларын дамыту үшін оңтайлы стратегияларын қолданады;
  • бастауыш және негізгі орта мектеп оқушыларының функционалдық және оқу сауаттылығының дағдыларын дамыту бойынша оқу мақсаттарына сәйкес пәндік сала бойынша тапсырмалар әзірлейді.

Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз

Қабылдау әзірге жабық

Бұл бағдарламаның жаңа ағындары кейінірек ашылады. Ұқсас бағдарламаларды каталогтан көріңіз.

Бағдарламалар каталогына өту

Бағдарлама рейтингі

5,0
167 педагог бағалады
5
99%
4
0%
3
0%
2
0%
1
1%
99% төрт немесе бес жұлдыз қойды
7 912 педагог бағдарламадан өтіп үлгерді
П
Курс тыңдаушысы
2026
12 наурыз 2026

Оқу сауаттылығы курсы өте мазмұнды әрі пайдалы өтті. Курс тренері тақырыптарды түсінікті, нақты және қызықты түрде жеткізе білді. Сабақ барысында түрлі тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіліп, оларды тәжірибеде қалай қолдануға болатыны жан-жақты түсіндірілді. Тренердің кәсіби біліктілігі, қатысушылармен еркін байланыс орната білуі және әр сұраққа нақты жауап беруі курсқа деген қызығушылықты арттырды. Алған білімімізді алдағы уақытта сабақ барысында тиімді қолдануға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Осындай пайдалы әрі тәжірибеге бағытталған курс ұйымдастырғаны үшін тренеріміз Қарлығаш Исаевнаға алғысымды білдіремін.

П
Курс тыңдаушысы
2026
6 наурыз 2026

«Оқу сауаттылығы: оқылым, таным және креативтілік» курсын жоғары деңгейде өткізіп, бізге берген біліміңіз бен тәжірибеңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Курс барысында оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдерді, шығармашылық ойлауды қалыптастыру жолдарын үйрендік. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз, түсіндіруіңіздегі нақтылық пен қолдауыңыз бізге үлкен мотивация берді. Әрбір тапсырма мен талдау өз жұмысымызды жаңаша қарауға мүмкіндік ашты. Еңбегіңізге зор табыс, шығармашылық шабыт және алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Осындай пайдалы, мазмұнды курстар арқылы бізді дамуға жетелегеніңіз үшін үлкен рақмет!

П
Курс тыңдаушысы
2025
21 қараша 2025

Мазмұнды, практика үшін қажетті курс болды.

П
Курс тыңдаушысы
2025
5 қараша 2025

Берген біліміңізге рақмет