Сабақты зерттеу қадамдары және оның тиімділігін арттыру мүмкіндіктері
Іс-шара туралы
Семинардың міндеттері: Сабақты зерттеудің мәнін, қағидаларын және халықаралық тәжірибедегі рөлін түсіндіру Lesson Study кезеңдерін (жоспарлау – өткізу – бақылау – талдау – қайта жоспарлау) меңгерту Зерттеу сабағын құрастыру және зерттеу сұрағын дұрыс қою дағдыларын дамыту Оқушылардың оқу үдерісін бақылау және дәлелдер жинау әдістерін үйрету Рефлексия мен талдау жүргізудің тиімді тәсілдерін көрсет…
Іс-шараның мақсаты
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту арқылы сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін тиімді жоспарлау, өткізу және талдау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оны мектеп тәжірибесінде жүйелі енгізу жолдарын көрсету.
Бұл іс-шара кімдерге арналған
Ағылшын тілі, Биология, Мектепке дейiнгi бiлiм беру, География және басқалар
Өтетін орны
Онлайн
Қорытынды құжат
16 ак. сағатты растайтын ПШО сертификаты. Түпнұсқалығы сайттағы код арқылы тексеріледі.
Нәтижесінде не аласыз
- Семинар соңында педагогтер:
- Lesson Study тәсілінің құрылымын және маңызын түсінеді
- Зерттеу сұрағын дұрыс құрастыра алады
- Зерттеу сабағын бірлесіп жоспарлай алады
- Оқушылардың оқу әрекетін бақылау және дерек жинау әдістерін қолдана алады
- Сабақтан кейінгі кәсіби талдау (reflection) жүргізе алады
- Өз тәжірибесіне Lesson Study тәсілін енгізуге дайын болады
- Сабақ сапасын арттыру үшін дәлелдерге негізделген шешім қабылдай алады
- Мектеп ішінде кәсіби қауымдастықта жұмыс істей алады
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Қабылдау әзірге жабық
Бұл іс-шараның жаңа күндері кейінірек жарияланады. Әзірге каталогтан ұқсас іс-шараларды көріңіз.
В каталог мероприятий