Пәндік құзыреттілік

Колледжде биологияны оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Бағдарлама Тыңдаушылардың кәсіби құзіреттілігін дамытуға, оның ішінде пәндік білімді тереңдетуге, инклюзивті білім берудің құндылықтары мен негізгі принциптерін қарастыруға, Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес барлық білім алушыларға педагогикалық қолдау көрсетуге және функционалдық сауаттылықты дамыту, бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу стратегияларын меңгертуге бағытталған.

Курстың мақсаты

«Биология» пәні педагогтерінің пәндік білім саласындағы, инклюзивті орта қалыптастырудағы, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы және оқу жетістіктерін бағалаудағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

«Биология» пәнін оқыту бойынша теориялық білім мен әдістемелік дағдыларды тереңдетеді;

инклюзивті білім беру жағдайында «Биология» пәні бойынша оқу нәтижелерін бағалауға және білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған практикалық тапсырмалар әзірлейді;

«Биология» пәні бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында оқыту және бағалау процестерін жоспарлайды.

Курстың мазмұны

Модуль 1. «Биология» пәнін оқыту мен оқудың заманауи аспектілері

Модуль 2. Пәндік құзыреттілік: «Биология» пәні мазмұны аясындағы өзекті тақырыптар

Топ тренерлері

Photo
Бурунбетова Карлыгаш Кабдрахмановна
72 ак.сағат

Онлайн

23.09-03.10

Қазақша

20 000 ₸