Пәндік құзыреттілік

Мектептегі химия сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Бағдарлама тыңдаушылардың кәсіби құзіреттілігін дамытуға, оның ішінде пәндік білімді тереңдетуге, инклюзивті білім берудің құндылықтары мен принциптерін қарастыруға, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес барлық білім алушыларға педагогикалық қолдау көрсетуге және функционалдық сауаттылықты дамыту, оқушыларды бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу стратегияларын меңгеруге бағытталған.

Курстың мақсаты

«Химия» пәні мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы, инклюзивті орта қалыптастырудағы және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

химия пәні бойынша күрделі тақырыптарды меңгерту тәсілдемелерін қамтитын және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды қамтамасыз ететін сабақ жоспарларын әзірлейді;

сыныптағы инклюзивті білім беру ортасын жобалайды;

оқушылардың оқу жетістігін бағалауға арналған әртүрлі тапсырмаларды әзірлейді және оларға дескрипторлар құрастырады;

оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар әзірлеу тәжірибесін жетілдіреді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Пәндік құзыреттілікті дамыту: «Химия» пәнінің мазмұны аясындағы өзекті тақырыптар

Модуль 2. «Химия» пәні аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Модуль 3. «Химия» пәні бойынша инклюзивті білім беру идеясы, құралдары және практикалық шешімдері

Модуль 4. «Химия» пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау

Топтар

Photo
Капанова Гульмира Гайсиевна
160 ак.сағат

Онлайн

10.02-07.03

Орысша

40 000 ₸