Пәндік құзыреттілік

Колледжде ағылшын тілін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Бағдарлама Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуды, пәндік білімін тереңдету арқылы инклюзивті білім берудің құндылықтары мен қағидаттары негізінде педагогикалық шеберлігін жетілдіруді, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес барлық білім алушыларға педагогикалық қолдау көрсету және білім алушылардың ақпараттық, функционалдық сауаттылығын дамыту стратегияларын жетілдіруді көздейді.

Курстың мақсаты

Колледждің ағылшын тілі педагогтерінің пәндік білім, инклюзивті оқу ортасын қалыптастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

ағылшын тілі сабағында инклюзивті оқу ортасын қалыптастыру дағдысын көрсетеді;

пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнындағы күрделі тақырыптарды талдайды және оларды оқытудың тиімді әдістерін талдайды;

грамматиканы оқыту, лексикалық қорды кеңейту және оқу бағдарламасы бөлімдерінің тақырыптарына сәйкес сөйлеу әрекетінің 4 түрін қолдану бойынша білік-дағдысын жетілдіреді;

оқу нәтижелері мен бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлейді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі үрдістер

Модуль 2. Ағылшын тілі педагогтерінің пәндік құзыреттілігін дамыту

Топ тренерлері

Photo
Мельникова Юлия Геннадьевна
72 ак.сағат

Онлайн

30.09-10.10

Ағылшын

20 000 ₸