Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар
Психология және инклюзивті білім беру ортасы

Жалпы білім беретін мектептердің арнайы сынып педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында ПДТ оқушыларды оқытудың психологиялық-педагогикалық жағдайларын ұйымдастыру дағдыларын жетілдіруге, ПДТ балаларға арналған арнайы сыныптарда түзету-білім беру технологияларын қолдануға, оқуда қиындықтары бар балаларды педагогикалық қолдау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Курстың мақсаты

Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) және арнайы сынып жағдайында білім алуда қиындықтары бар білім алушыларға педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында ПДТ бар білім алушыларға  ұйымдастырушылық-педагогикалық оқыту   жағдайларын жасайды;

арнайы сыныптарда түзетуге бағытталған білім беру процесінің технологияларын қолданады;

сөйлеу дағдыларын меңгеруде және математиканы оқуда қиындықтары бар балаларға педагогикалық қолдау көрсетеді;

сабақтың педагогикалық дизайнын әзірлейді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Арнайы (түзетуші) білім берудің тұжырымдамалық негіздері

Модуль 2. Оқытуды саралау және проблемалары бар балалардың негізгі топтары

Топ тренерлері

Photo
Журунтаева Сауле Байкешевна
80 ак.сағат

Онлайн

07.10-18.10

Орысша

22 000 ₸