Оқушылардың кәсіптік бағдарын айқындауы: кәсіптік бағдарлау моделі және құралдары
Бағдарлама туралы
Курс бағдарламасы педагогтердің білім алушыларды жүйелі кәсіптік бағдарлау сүйемелдеуі саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Ол нормативтік қамтамасыз етуді, кәсіптік бағдарлау тапсырмаларын әзірлеуде жас ерекшеліктерін ескеруді, диагностика жүргізуді, мансаптық кеңес беруді, жеке білім беру траекторияларын жобалауды, кәсіби сынамаларды ұйымдастыруды және кәсіптік бағдар беру қызм…
Бағдарламаның мақсаты
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жүйесін оқушылардың кәсіптік бағдарын айқындауына үздіксіз қолдау көрсететін, білім беру және кәсіби траекториясын саналы түрде таңдауын қамтамасыз ететін жүйе ретінде жобалау мен жүзеге асырудағы педагог-кәсіптік бағдар беруші мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Мақсатты аудитория
Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Кәсіптік бағдар жөніндегі инспектор
Бағдарлама мазмұны
Модуль 1 Кәсіптік бағдар берудің тұжырымдамалық және нормативтік негіздемелері
Модуль 2 Қолдау көрсету құралдары, серіктестік және нәтижелерді бағалау
Оқу нәтижелері
- өзгерістер жағдайында кәсіби өзін-өзі айқындау логикасын түсіндіру және сабақтар мен консультацияларды жобалауда белгісіздікте бағдарлану құралдарын қолдану;
- мектептегі кәсіптік бағдар беру моделін, локалды құжаттар мен регламенттерді әзірлеуде ҚР нормативтік талаптарын қолдану, этика, құпиялылық және дербес деректерді қорғау талаптарын сақтау;
- 1–11-сыныптарға арналған жас ерекшелігіне сай сүйемелдеу картасын жобалау және сабақ сценарийлерін әзірлеу;
- диагностика құралдарын таңдау, қауіпсіз диалогтар мен мансаптық әңгімелер жүргізу, жеке траекторияны рәсімдеу, серіктестік пен кәсіби сынамаларды жобалау, нәтижелілік көрсеткіштері бойынша қысқаша аналитика дайындау.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Туякбаева Гаухар
ПШО тренері
Талипова Бакытгуль
ПШО тренері
Завертунова Наталья
ПШО тренері
Камалова София
ПШО тренері
Уразбаева Акмарал
ПШО тренері