Курс мазмұнды, пайдалы және практикалық бағытта ұйымдастырылған. Курс педагогтердің кәсіби дамуына және білім беру ұйымында жайлы әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға қажетті білім мен дағдыларды жетілдіруге ықпал етті. Курс тренері Казыгулова Гаухар Ясыновна курс барысында берген құнды біліміңіз, пайдалы кеңестеріңіз бен қолдауыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Еңбегіңіз жемісті болып, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!
Жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту: мұғалімге арналған практикалық тәсілдер
Бағдарлама туралы
Курс бағдарламасы педагогтердің сыныптағы және сабақтағы жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын жобалаудағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған және педагогиканың, білім беру психологиясының, мектеп ортасы теориясының және инклюзивті практиканың заманауи ғылыми тәсілдеріне сүйенеді.
Бағдарламаның мақсаты
Білім алушылардың эмоционалдық әл-ахуалы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сыныпта және сабақта жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мен дамыту бойынша Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру
Мақсатты аудитория
Мектеп мұғалімі, Колледж оқытушысы
Бағдарлама мазмұны
Модуль 1 Қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі аспектілері
Модуль 2 Сабақта жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың практикалық стратегиялары
Оқу нәтижелері
- мектептегі жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын бағалау және жобалау үшін нормативтік-құқықтық құжаттар мен ғылыми тәсілдемелер бойынша білімін қолданады;
- білім беру ортасын диагностикалайды, нәтижелерді талдайды және оқушылардың психоэмоционалдық әл-ахуалына әсер ететін тәуекелдерді айқындайды;
- мектеп ортасындағы қақтығыстарды тиімді шешу, буллингтің және басқа да жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін алдын ала әрекет ету стратегиялары мен педагогикалық әдістерді қолданады;
- барлық оқушылардың эмоционалдық әл-ахуалын қолдайтын жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық практикаларды жобалайды және жүзеге асырады.
Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз
Абишева Раушан
ПШО тренері
Утешева Кунсая
ПШО тренері
Сыздыкбаева Роза
ПШО тренері
Сапарбаева Замира
ПШО тренері
Андирова Венера
ПШО тренері
Бағдарлама рейтингі
«Жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту: мұғалімге арналған практикалық тәсілдер» тақырыбындағы вебинар өте мазмұнды әрі пайдалы өтті. Тренер Сыздықбаева Роза Гайдаровна тақырыпты өте түсінікті, нақты мысалдармен және практикалық тәсілдер арқылы шебер жеткізді. Онлайн форматта өткеніне қарамастан, вебинар өте қызықты, әсерлі және белсенді атмосферада өтті. Әрбір ұсыныс пен әдісті педагогикалық тәжірибеде қолдануға болады. Роза Гайдаровнаға кәсіби шеберлігі, түсіндіру мәнері және пайдалы тәжірибесімен бөліскені үшін үлкен алғыс білдіремін! Осындай мазмұнды курстардың көп болғанын қалаймын. 🌷👏
Тренерге рақмет, Курс өте мазмұнды өтті. Әр тақырыпты нақты мысалдармен түсіндіріп отырды. Тренердің кәсібилігі мықты. Алған білімімізді тәжірибеде қолданамын деп ойлаймын
Алтыншаш Сағиқызына үлкен рақмет! Вебинарларе мазмұнды, түсінікті. Әр тақырыпты нақты мысалдармен түсіндіріп отырдыңыз. Тренерлік дағдысы жақсы жетілген әрі оның жылы қарым-қатынасы мен кәсібилігінің арқасында оқу үдерісі тиімді болды. Басқада әріптестерімді ПШО курсына шақырамын