Пәндік құзыреттілік

Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Курста педагогтердің оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптардағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу мақсаттарын іске асыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және инклюзивті білім беру принциптеріне сәйкес оқытуды жоспарлау дағдыларын жетілдіру қарастырылған.

Курстың мақсаты

Педагогтердің пәндік білім, инклюзивті оқу ортасын құру, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласында кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Курста оқу нәтижесінде педагогтер:

оқу мақсаттарына сәйкес сөйлеу әрекетінің түрлерін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін практикада қолдану дағдыларын жетілдіреді;

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін ескере отырып, оқушылардың оқу жетістігін бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу тәжірибесін жақсартады;

оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, барлығын оқу процесіне тартуды жоспарлау мен іске асыру жолдарын үйренеді.

Курстың мазмұны

Модуль 1. Жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың ерекшеліктері

Модуль 2. Инклюзивті білім беру негіздері, құралдары және практикалық шешімдері

Модуль 3. Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау

Топтар

Photo
Тажигалиева Алтыншаш Сагиевна
120 ак.сағат

Онлайн

10.02-28.02

Қазақша

30 000 ₸

Photo
Ислямова Салтанат Аскаровна
120 ак.сағат

Онлайн

24.02-14.03

Қазақша

30 000 ₸