Шеберлік сағат психология, педагогика және оқушыларды қолдау саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған. Қатысушылар алғашқы кездесудің құрылымы мен мақсаттарын зерделеп, К. Роджерстің кеңес беру қағидаттарымен танысады, кеңес беру кезеңдерін (танысу, талдау, жоспарлау, қорытындылау) қарастырады.
Практикалық бөлімде нақты жағдайларды (кейс-стади) талдау, белсенді тыңдау, ашық және нақтылаушы сұрақтар қою, клиент сұраныстарын жіктеу дағдылары дамытылады. Шеберлік сағат этика мен құпиялылық мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, кәсіби сенім мен эмпатияға негізделген тиімді кеңес беру қабілеттерін қалыптастырады.